Щучинск қаласында аудандық мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын

Щучинск қаласында аудандық мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын

Щучинск қаласында Бурабай ауданының жаңа мәдениет үйі тұрғындардың шығармашылық дамуына маңызды алаңға айналмақ. Объект қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген, мұнда 400 орындық көрермен залы, хореографиялық және репетициялық залдар, конференц-зал, дыбыс жазу студиясы, кескіндеме студиясы, балет сыныбы, сондай-ақ арнайы кабинеттер қарастырылған.

«Азат Құрылыс» ЖШС өкілі Марат Сүлейменовтің айтуынша, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, объект 98%-ға дайын. Территорияны абаттандыру жұмыстары аяқталып, автотұрақ орындары қарастырылған.

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құрылыс барысымен танысты.

«Мәдениет үйі ауданның шығармашылық қауымдастығы үшін тартымды орынға айналады. Мұнда шығармашылықпен айналысуға, оқу және іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Бұл объект ауданның мәдени әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Щучинск қаласының тұрғыны Катья Абдирова айтып өткендей, мәдениет орталығы шығармашылық интеллигенция үшін репетиция жасауға, даму мен бос уақытын өткізуге болатын орын болады.

Сондай-ақ облыс әкіміне 2025 жылға арналған ауданның даму жоспарлары таныстырылды. Бурабай ауданының әкімі Арай Садыков қалалық инфрақұрылымды дамыту аясында жүзеге асырылған және жоспарланған жобалар туралы айтып берді. Қалада инженерлік желілерді, жол инфрақұрылымын, туризмді және тұрғын үй құрылыстарын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2025 жылға арналған негізгі бағыттар – ағымдағы жобаларды аяқтау және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мен туристерді тартуға бағытталған жаңа бастамаларды енгізу.

Жұмыс сапарының қорытындысын шығара отырып, облыс әкімі Марат Ахметжанов жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау, әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымды дамыту екенін атап өтті. Бұл тек өмір сүру деңгейін арттырып қана қоймай, өңірді инвесторлар мен туристер үшін тартымды етеді.