Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Үздік-2024» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты.
Жыл қорытындысы бойынша «Үздік» деп танылғандар:
Елдос Сметов, Давид Дегтярев (Ақмола облысы) – «Жылдың үздік спортшысы»
Ғалымжан Жылгелдиев, Юрий Колесников (Ақмола облысы) – «Жылдың үздік жаттықтырушысы»
Ерлан Тасболатов (Родина ауылдық округі, Ақмола облысы Целиноград ауданы) – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері».