Теміртас Жүсіпов Қазақстанның 8 дүркін чемпионы атанды

Теміртас Жүсіпов Қазақстанның 8 дүркін чемпионы атанды

Ақмолалық 48 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Қарағанды қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық жекпе-жегі басталды!

Бүгін 48 келіге дейінгі санатта көрермендер Ақмола облысының спортшысы Теміртас Жүсіпов жеңіске жеткен қызықты жекпе-жектің куәсі болды.

Үш раундтың қорытындысы бойынша ол керемет күш, ептілік пен шеберлік көрсетті, бұл оның жеңісінің кепілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, ол 2021 жылғы бокстан әлем чемпионы және Азия чемпионы. Еліміздің басты стартындағы бұл жеңіс ол үшін мансаптағы сегізінші жеңіс болды. Біз оның жетістіктерін мақтан тұтамыз және алда талай жеңістер болатынына сенеміз.