Ақмола облысында 800 км жуық автожол салынды және жөнделді

Ақмола облысында 800 км жуық автожол салынды және жөнделді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков 2024 жылы республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды салу және жөндеу бойынша 130-дан астам жобаны іске асыруға шамамен 104 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Нәтижесінде елді мекендерде 800 км жуық жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдар мен көше-жол желісі салынды және жөнделді.

«Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары» және «Астана қаласының шетіндегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту» бағдарламалары аясында 18,8 млрд теңге бөлінді. Осы қаражаттың арқасында 29 елді мекенде 100 км автожол жөнделді. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы облыстың тоғыз өңірінде 24 жобаны іске асыруға мүмкіндік берді. Осы мақсаттарға 4,1 млрд теңге бағытталды, бұл 50,4 км жолды жөндеуді қамтамасыз етті», - деді В.Кулаков.

Сондай-ақ, спикер ағымдағы жылдың көктемгі су тасқыны нәтижесінде автожолдарды еріген қар су басуының 141 жағдайы тіркелгенін, жалпы ұзындығы 20 км-ден астам 40 учаске зақымданғанын, үш көпір: Жалтыр-Макинск, Кийма-Терісаққан және Көкшетаудағы Әшімов көшесіндегі көпір қирағанын атап өтті. Бүгінгі таңда жолдарды қалпына келтіру аяқталды, ал көпірлер бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Облыс аумағында 108 тұрақты маршрут жұмыс істейді, оның 91-і әлеуметтік маңызды деп танылды және субсидиялауға жатады. Соңғы үш жылда жергілікті бюджеттен әлеуметтік тарифті субсидиялауға 5,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2024 жылы 2,3 млрд теңге.

Жергілікті маңызы бар 12 262 км автомобиль жолдарын қыста күтіп ұстау үшін 11 мердігер ұйыммен шарттар жасалды. 132 бірлік қар тазалау техникасы бар, 150 тоннадан астам ЖЖМ және 5000 текше метр мұзға қарсы материал дайындалды.

Бұдан әрі «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ директоры Нұржан Жұқабетов тыңдалды, ол Ақмола филиалының жүргізіп жатқан жұмысы және облыс өңірлерінде жоспарланған жобалар туралы айтып берді.

Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімі Марат Ахметжанов құрылыс-монтаждау жұмыстары мен пайдаланылатын материалдардың сапасына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, бюджет қаражатын тиімді игеруге және мерзімдерді қатаң сақтауға баса назар аударылды.

Жол инфрақұрылымы өңірді дамыту және Ақмола облысы тұрғындарының тіршілік сапасын арттыру үшін басым бағыт болып табылады.