
Облыс әкімі Марат Ахметжанов пен Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақтиер Ибрагимов өңірлер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өсу әлеуетін талқылады.
Алғы сөзінде өңір басшысы өңірдің жетістіктеріне тоқталып, негізгі бағыттары туралы айтып берді.
«Ақмола облысы - Қазақстанның негізгі ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі және Біз Өзбекстан Республикасын Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі әріптестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Бүгінгі іс-шара біздің ынтымақтастығымызды жандандыратынына сенімдімін. Ақмола облысы экономиканы дамытуға инвестиция тарту үшін үлкен әлеуетке ие және ынтымақтастықты кеңейту үшін кез келген ұсыныстарды қарастыруға дайын», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Өз кезегінде Бахтиер Ибрагимов өңірдің, әсіресе ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм саласындағы ынтымақтастығының жоғары әлеуетін атап өтті. Ол сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы тығыз байланыстар өңірдің тұрақты дамуы үшін маңызды фактор болып табылатынын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасындағы экономика, сауда, туризм және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Өзара инвестицияларды кеңейту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.