Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ТМД және Орталық Азия елдерінде John Deere компаниясының президенті Чаба Лейкомен кездесті. Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты нығайту және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту шеңберінде өтті.
Тараптар облыстың ауыл шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізу перспективаларын талқылады. Жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу, өнімділікті арттыру және аграрлық секторды тұрақты дамыту үшін цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Марат Ахметжанов Ақмола облысының аграрлық салада әлеуеті жоғары екенін, ал инновациялық технологияларды пайдалану өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.
«John Deere сияқты ауыл шаруашылығы техникасын өндіру саласындағы әлемдік көшбасшымен ынтымақтастық біздің өңір үшін жаңа көкжиектер ашады. Біз нәтижелі диалог пен бірлескен жұмысқа дайынбыз», - деді өңір басшысы.
Чаба Лейко өз кезегінде John Deere компаниясының Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, басқа елдердегі табысты жобалардың тәжірибесімен бөлісті.
«Біз Ақмола облысы сияқты перспективалы өңірмен жұмыс істеу мүмкіндігін бағалаймыз. Біздің мақсатымыз - фермерлерге жаңа биіктерге жетуге көмектесетін сенімді құралдар мен технологияларды ұсыну», - деді Ч.Лейко.
Кездесу аясында тараптар ауыл шаруашылығын цифрландыру және жаңғырту саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған бірлескен жұмысқа дайындығынбілдірді.
Ақмола облысы мен John Deere компаниясы арасындағы ынтымақтастық өңірді орнықты дамыту және оның әлемдік аграрлық нарықтағы позициясын нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ.