Оразбек Асылқұловты бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды

Оразбек Асылқұловты бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды

Таиландтың мәдени орталығы Чиангмай қаласында ағымдағы жылдың 28 қарашасынан 12 желтоқсанына дейін ASBC элиталық спортшылары арасында бокстан Азия чемпионаты өтуде.

Бұл құрлықтық біріншілік ерлер арасында 13, әйелдер арасында 12 салмақ дәрежесінде өтті.

Қазақстан ерлер құрамасының сапында бұл жарысқа 13 боксшы қатысты. Олардың қатарында Ақмола облысы құрама командасының атынан Оразбек Асылқұлов 57 келі салмақ дәрежесінде қатысты. Оразбек үшін бұл дода алғашқы ресми жарыс болып тұр.

Спортшы жалпы 4 жекпе-жек өткізді.

1 желтоқсан күні алғашқы айқасында Малайзия өкілі Мохамад Зүльхайнды екінші раундта ұтып, мерзімінен бұрын аяқтады.

5 желтоқсанда жергілікті былғары қолғап шеберін жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

8 желтоқсанда Монғолия өкілі Гантумур Лундаамен жұдырықтасып, ақтық сынға өтті.

11 желтоқсан күні Асылқұлов ақтық сында өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловке жол берді. Тартысты айқастың алғашқы раунды отандасымыздың пайдасына шешілсе, қалған кезеңдерде қарсыласы басым түсті.

Осылайша Оразбек бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Спортшыны, бапкерлерін, жалпы барша ақмолалықтар мен бокс сүйер қауымды бұл марапатпен құттықтаймыз!