Шавкат Рахмонов жеңіске жетті

Шавкат Рахмонов жеңіске жетті

UFC-де ирландиялық Иан Гарриді жеңген  талантты спортшымыз Шавкат Рахмоновты керемет жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Шавкат өзінің шеберлігі мен табандылығының арқасында 19-жеңіске қол жеткізіп, жаттықтырушылары мен жанкүйерлерінің сенімін тағы да ақтады. Бұл жетістік қазақстандық спортшылардың әлемдік деңгейде мойындалуға лайық екенін тағы бір рет дәлелдеп отыр.

Алдағы уақытта спортшымызға зор денсаулық, жарқын жеңістер мен чемпиондық атақ тілеймін! Біз Сіздің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз!