«Астана әкімдігімен меморандумға қол қойдық. Астана агломерациясы туралы заңның құқықтық мүмкіндіктерін пайдалану туралы шешім қабылданды. Қазір үлкен учаске бөліп жатырмыз, ал Астана қаласы иттерге арналған мемлекеттік панажай салады», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында журналистің өңірде қаңғыбас жануарлар мәселесі қалай шешіліп жатыр деген сұрағына жауап бере отырып.
Пана құрылысын келесі жылы бастау жоспарланып отыр.
@ortcom_kz #CCS