Бүгін балалар мен жасөспірімдерге арналған «Болашақ сарайы»-нда Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен және Ақмола облысының білім басқармасы бірлесіп құрылған бірінші «Жас Ұрпақ» балалар бірлестігіне көшбасшыларды қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға шақырылғандардың қатарында облыстық ведомстволардың өкілдері бар. Атап айтсақ, әкімдік, прокуратура, полиция, әділет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу департаменті.
«Бірлестікке» Көкшетау қаласы бойынша пилоттық мектептер: №11 мектеп-гимназия, №14 жалпы орта білім беретін мектеп, №17 мектеп-гимназия, №21 мектеп-лицейлерінің 6-10 сынып оқушылары қатысады.
«Бүгінгі таңда облыс мектептерінде бірнеше балалар ұйымдары жұмыс істейді: «Жас қыран», «Жас ұлан», «Жас сарбаз», «Жас сақшы», «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ». Осы қозғалыстың әр бірінің өз міндеті бар. Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әскери-патриоттық, азаматтық-әлеуметтік бағыттары бойынша.
«Жас ұрпақ» – балаларды әлеуметтік бастамаларға біріктіретін қозғалыс, оның мақсаты – құқық бұзушылықтарды, мектептерде буллингті азайту және балаларды қосымша сабақтарға белсенді қатыстыру», - деп атап өтті өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан.
Бірлестік оқушылардың азаматтығын, патриотизмін дамытуға, кәсіби маңызды қасиеттерді, жоғары жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды азайту, мектеп ортасында қорқыту мақсатында балаларды білім беру, шығармашылық, спорттық және әлеуметтік бастамаларға тартуға бағытталған. Сондай-ақ, өмір қауіпсіздігі негіздерін үйрету, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша әдебиеттерді және басқа да ғылыми тәсілдерді зерделеу, өз дәстүрлерін және басқа халықтарды құрметтеу, аға буынға деген көзқарас, киберкеңістікте оқыту және бейіндеу, қаржылық сауаттылық, ақпараттық қауіпсіздік.
Балалар қозғалысының мүшелері конкурстар, жобалар, түрлі деңгейдегі жарыстарға, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық бағыттағы және басқа да көптеген іс-шараларға қатысатын болады.