Үш конкурстық күн ішінде, 14-16 қараша аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында еліміздің колледж студенттері мәлімделген құзыреттер бойынша өздерінің дағдылары мен қабілеттерін көрсетпек.
Болашақ дәнекерлеуші мен аспаздар, токарь мен шаштараздар, слесарь мен дизайнерлер, құрылысшы мен IT-мамандар және басқа да 32 ақмолалық студенттерден құрылған команда барлық 30 құзыреттілік бойынша жарысады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға шақырды. Президенттің Жолдауына сәйкес 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бүгінде облыстың 29 колледжінде жұмысшы біліктілігі бойынша 5,5 мыңнан астам студент оқиды. Орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандарына шамамен 14 мың студент, бірақ олар бойынша да жұмысшы біліктіліктерін игеру көзделген.
Колледждердің білім беру бағдарламалары кәсіби стандарттары мен WorldSkills стандарттарына өзектендірілгенін атап өту қажет.
Жұмыс берушілер WorldSkills чемпионаттарына тәуелсіз сарапшылар ретінде белсенді қатысып, біліктілік және демонстрациялық емтихандар жөніндегі комиссияларды басқарады.
Ынтымақтастықтың барлық осы формалары кәсіпорындарға түлектерді қайта даярлаусыз оқыту кезеңінде де өз кәсіпорындарының талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдан бастап облыс колледждері студенттер арасында WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионаттарына белсенді қатысады. Ақмола командасы осы жылдар ішінде 33 Алтын, 20 күміс, 26 қола медаль, 46 кемелдік медальон жеңіп алды.
Республика құрамасындағы Ақмола колледждерінің студенттері халықаралық, Еуропа чемпионаттарында ел намысын қорғайды. Нәтидесінде жалпы командалық есепте 2 медаль, 1 күміс, 5 қола медальды WorldSkills Kazakhstan қоржынына енгізді.
Ел ордамыз Астанада «Жұмысшылар олимпиадасы» тоғызыншы рет өткізілуде. Биыл оған еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам студент қатысуда.