Ақмола облысында мүгедектік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілер институты белсенді дамып келеді

Ақмола облысында мүгедектік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілер институты белсенді дамып келеді

Ақмола облысында мүгедектік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілер институты белсенді дамуда. Бұл маңызды қадам өңірде инклюзивті бастамалардың одан әрі дамуына негіз болды, сондай-ақ тең мүмкіндіктер мен қоғамға интеграциялануды қамтамасыз етті. Облыста мүгедектігі бар 29 мыңнан астам адам тұрады. Бүгінде олар үшін өмірдің барлық салаларына толық қатысуға жағдай жасалуда.

«Бүгінгі таңда біздің облыс – елдегі ауылдық округтерде кеңесшілері бар жалғыз өңір. Біз мүгедек жандардың өмірін жақсартуға бағытталған бағдарламаларды іске асырумен айналысамыз және халық пен мемлекет арасындағы «көпір» боламыз. Ай сайын «Ашық есік күндері» өткізіліп, онда мүгедектікті белгілеу, мемлекеттік қолдау, еңбек заңнамасы және басқа да мәселелер бойынша кеңестер беріледі. Жұмыс нәтижесінде өтініштер саны азайды», - деп атап өтті Ақмола облысының әкімінің мүгедектік мәселелері бойынша кеңесші Василий Шиманский.

Штаттан тыс кеңесшілер сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға өз үлестерін қосуда. Мысалы, 2-топ мүгедегі Иса Қалиев Біржан сал ауданындағы Андықожа батыр ауылының негізгі жалпы білім беретін мектебіне математика пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасса, 3-топ мүгедегі Үміт Махамбетова Көкшетау қаласындағы «Аяла» арнайы балабақшасына диеталық тағам бойынша медбике болып жұмысқа тұрды.

Айта кету керек, 2024 жылдың 10 айында 487 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 379 адам тұрақты жұмыспен, 108 адам уақытша жұмыспен қамтылды.