Өңірлік кадр резервінің мүшесі облыс әкімдігіндегі бос лауазымға тағайындалды

Өңірлік кадр резервінің мүшесі облыс әкімдігіндегі бос лауазымға тағайындалды

Өңірлік кадр резервінің мүшесі Абулғазин Альнур Рүстемұлы Ақмола облысының әкімі аппаратының экономика мәселелері жөніндегі бас инспекторы лауазымына тағайындалды.

Альнур Абулғазин 2019 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірді. 2022 жылы осы университетте «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесін алды.

Еңбек жолын жеке секторда ассистент, қаржылық талдаушы ретінде тәжірибе жинақтаудан бастаған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін 2021 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы лауазымынан бастап, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде бас сарапшы ретінде жалғастырған.

Осыған дейін Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өнеркәсіп бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.