
Құрметті елорда тұрғындары және қонақтары!
26 және 27 қазан күндері Астанада Ақмола облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Сіздер 40-тан астам азық-түлік сатып ала аласыздар. Жәрмеңке өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен болады.
Облыс фермерлері ет және шұжық өнімдерін, балғын балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдерін, ұн, картоп және көкөністер әкеледі.
Сондай-ақ, жәрмеңкеде тұтынушыларға көмек көрсету үшін еріктілер жұмыс жасайтын болады.
Келушілердің назарына ақмолалық өнерпаздарыдың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
Тиімді бағамен сапалы өнім сатып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
Біз сіздерді Қарқаралы тасжолы 1 мекенжайы бойынша («Қазанат» ипподромына қарама-қарсы) асыға күтеміз.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 8.00-де басталады.