Ақмола облысы әкімі Марата Ахметжановтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Ақмола облысы әкімі Марата Ахметжановтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шынжүректен құттықтаймын!

Бұл көктем мерекесі көп ұлтты халқымыздың тамаша дәстүріне, татулық  пен келісімнің символына айналды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің басты мұратымыз – Әділетті Қазақстанды құру. Бірлік пен ынтымақ әрқашан біздің басты құндылығымыз және барлық мемлекеттік саясаттың тұрақты бағдары болған және болып қала бермек» деп атап көрсеткені белгілі.

Бүгінгі таңда еліміз жойқын су тасқынынан кейін қалыпты өмірге оралған кезде бұл сөздер өте маңызды.

Өңірде адамдардың өмірін сақтап қалу, 95 елді мекендегі 8 мың тұрғын үйді су басып қалуына жолбермеу мақсатында ауқымды жұмыстарат қарылды. Бірнеше апта бойы құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, еріктілер және басқа да көптеген адамдар күндіз-түні, қиын жағдайда, жерлестерімізге көмектесу үшін жанқиярлық пен еңбек етті. Зардап шеккен аймақтарға 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Осының барлығы облыстың әрбір тұрғынының тарапынан байқалған бірлігіміз бен ынтымағымыздың, жанашырлығымыз бен өзара көмегіміздің тамаша үлгісі. Бұл мәңгілік құндылықтар біздің болашаққа деген сеніміміздің негізі болып табылады.

Құрметті жерлестер!

Біз ортақ күш-жігермен кез-келген қиындықты жеңе алатынымызды бірнеше реет дәлелдедік. Бұдан былай да осы бірлігіміз нығая берсін, қиыншылықтар біздің үйлерімізді айналып өтіп, алда қуанышты, жарқын күндер көп болсын.

Осынау мереке күні әрбір отбасына зор денсаулық, амандық пен бақыт, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасына көркейіп, гүлдене беруін тілеймін.