Марат Ахметжанов: бізге көзбояушылық емес, нақты істер керек

Марат Ахметжанов: бізге көзбояушылық емес, нақты істер керек

Марат Ахметжанов Көкшетау қаласындағы Кенжетаев көшесіндегі үйдің ауласына жоспардан тыс барды. Аймақ басшысы сол жердің айналасындағы  қоқыстарға назар аударды. Жағымсыз көріністі айналада контейнерлердің жанында шашылып жатқан, шығарылмаған қоқыс толықтырды.

Облыс орталылығының абаттандырылуын бақылаусыз қалдырғаны үшін Көкшетау қаласының ТКШ, ЖК және АҚ бөлімінің басшысы Әділет Рахымжанов сынға алынды.

«Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет. Неге маған дайындалған аумақтарды ғана көрсетесіздер», - деп атап өтті М.Ахметжанов.

Бұдан әрі өңір басшысы Кенжетаев көшесіндегі 1 және 1 «а» тұрғын үйлерінің тұрғындарымен кездесіп, өскелең ұрпақты аумақты тазалауға шақырды.