Паром өткелі көлік қатынасын қалпына келтіру үшін Жақсы ауданында орнатылады

Паром өткелі көлік қатынасын қалпына келтіру үшін Жақсы ауданында орнатылады

Бүгін Ақмола облысының Жақсы ауданына ҚР Қорғаныс министрлігінің Есіл өзеніне орнатылатын паром өткелі жеткізілді.

13 сәуірде Жақсы ауданында су деңгейінің жоғарылауы және Есіл өзенінің төгілуі салдарынан «Кийма-Терсақан» а/ж көпір тірегі шайылып кетті, көлік қатынасынсыз 2 елді мекен мен 3 Бөлімше қалды, сондай-ақ егіс науқанын жүргізу тәуекелдері болды.

Жағдайды шешу үшін Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл шеңберінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың өтініші бойынша ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов паром өткелін орнату туралы шешім қабылдады, соның арқасында көктемгі дала жұмыстарына арналған ауыл шаруашылығы техникасы басқа жағалауға жіберілетін болады.

Айта кетейік, көпір аумағының ар жағында Терісақан ауылы, Есіл ауылдық округінің Қазақстан ауылы, Жаңақима ауылдық округінің Жаңа Кима, Жирен, Кенарал, Трудовое ауылдарының бөлімшелері орналасқан.