Облыс әкімі "Арлан" ХК-мен кездесті

Облыс әкімі "Арлан" ХК-мен кездесті

Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Арлан» клубының басшылығымен және хоккейшілерімен кездесті.

Өңір басшысы кездесуге қатысушыларды «Pro hokei Ligasy» ерлер арасындағы хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

«Сіздер осы маусымда керемет ойын көрсеттіңіздер, кез-келген қиындыққа дайын екендеріңізді тағы да дәлелдедіңіздер. Қазақстан чемпионы атағы - бұл ортақ күш-жігермен жеткен жетістік. Біздің хоккей мектебі еліміздегі ең мықты мектептердің бірі екенін атап өткім келеді. Біздің облысымыздың командасы алдағы уақытта да тек жүлделі орындар үшін күресіп, отандық спорттың дамуына үлес қосатынына сенімдімін. Ойыншыларға, жаттықтырушыларға, клуб басшылығына ойын үшін, жанкүйерлерге - біздің командаға адалдығы мен үйлесімді қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді», - деді М. Ахметжанов.

Айта кетейік, «Арлан» хоккей клубы Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы болып табылады және биыл Құрлықтық кубокқа қатысуды қамтамасыз етті.