2024 жылғы 5 сәуірде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Bolashak SARAIY» балалар мен жасөспірімдер сарайында «Құндылықтар негізінде тәрбие беру – заман талабы» республикалық ғылыми – практикалық конференциясы өткізілді.
Ұйымдастырушы: Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы.
Іс-шарада Ақмола облысының білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тәрбиенің өзекті мәселелері талқыланады. Бұл бағдарламаның тұжырымдамасы білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды сіңірген еңбекқор, адал, саналы азаматты тәрбиелеуге бағытталған.
Конференцияның міндеттері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесін дамыту және арттыру болып табылады. Және білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ұлттық тәрбие мен оқытудың үздіксіздігі мен сабақтастығын күшейту және қамтамасыз ету.
«Облыстың 537 мектептің ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтармен бірлесіп білім беру ұйымдарында жылына 2 рет «Отбасы сағаты» республикалық акциясы өткізіледі, ал ата-аналар арасынан ең белсенді қатысушылар мектептердің Қамқоршылық кеңестеріне кірді. Отбасылық клубтардың жұмысына қосымша 54 Әкелер кеңесі қосылды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарына қосымша «Даналық мектебі» отбасылық клубтары жұмысқа қосылды. Клуб қазақ этнопедагогикасының тәрбиелік әлеуетін «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Женге кеңесі» секцияларын ұйымдастыру арқылы өзектендіруге бағытталған» - деді өз баяндамасында Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова.
Конференцияға Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының, Ақмола облысы білім басқармасының өкілдері, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитеттерінің төрағалары, сынып жетекшілері қатысты.
«Болашақ сарайы»-ның фойесінде республикалық конференция аясында «Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы» атты көрменің жұмысы ұйымдастырылды.
Көрмеде ұрпақтар сабақтастығы бойынша материалдар (дәстүрлер мен инновациялар); оқу-тәрбие процесінде жас ұрпақтың ұлттық стиліндегі жұмысының инновациялық формалары; рухани-тарихи және этно-мәдени құндылықтарды сақтау мен дамыту жөніндегі материалдар; бейнематериал, тарихи және қасиетті орындардың карталары және т.б. ұсынылды.