Ақмола облысына елорда әкімдігінің арнайы техникасы жолданды

Ақмола облысына елорда әкімдігінің арнайы техникасы жолданды

85-ке жуық техника, оның ішінде экскаваторлар, самосвалдар мен тиегіштер облыстың астаналық өңірлеріне су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін келді. 

Арнайы техника Қосшы қ. Тайтөбе кентінің тарапынан Нұра өзенінің жағалауын нығайту бойынша жұмыстар жүргізуге кірісті.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында жүргізіліп жатқан жұмыстардың қарқынын бағалады.

Қосшы қаласының 19 және 20 шағын аудандарында су тасқынын болдырмау бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Бұған құтқарушылар мен коммуналдық қызметтерден бөлек, 200 жуық еріктілер, қоғам белсенділері және тұрғындар атсалысуда. Олар құм салынған қаптарды төсеу, бөгеттерді топырақпен нығайтуда.

Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында тәулік бойы үздіксіз Есіл өзені мен Безымянная бөгетінің жағасындағы бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде. Оған 45 арнайы техника тартылған, оның 25 елордадан, 20 жергілкті техника. Топырақтан тұрғызылған бөгеттер ұзартылуда. Сонымен бірге, құм толтырылған 2 мың қап төселді, тағы осындай 3 мың қап әзірленді.

Түнгі уақытта Жібек жолы кентінде су деңгейінің ағынын бақылауды жүзеге асыру үшін мобильді бекеттер қойылды.