Көкшетау қаласындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды

Көкшетау қаласындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды

Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар су тасқынына қарсы негізгі жұмыстарды аяқтады. Жамбыл облысы ТЖД жұмылдырылған күштер мен топтары алдын-ала Атбасар қаласына жіберілді.

Бүгінгі таңда жедел штаб жұмысын әлі де жалғастыруда. 6 жерде Қылшақты өзенінің деңгейін бақылау үшін өлшеуіш құрылғылар орнатылған. Көше-жол төсемінен еріген суды сору жұмыстары жалғасуда.

Көкшетаулық құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жоғары дайындық режимінде.