Марат Ахметжанов: басты назарда адам, оның өзекті мәселелері, әл-ауқатын жақсарту болуы тиіс

Марат Ахметжанов: басты назарда адам, оның өзекті мәселелері, әл-ауқатын жақсарту болуы тиіс

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов халыққа алғашқы есеп беру кездесуін Сандықтау ауданында өткізді.

Тұрғындар алдында сөз сөйлеген өңір басшысы облыстағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы және ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Аймақтың проблемалары мен оларды шешу жолдары туралы бөлек тоқталды.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның дамуының жаңа деңгейіне көшу бағытын белгіледі. Бұл, ең алдымен, мәселелерді шешуге жүйелі көзқарасты, бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін және оның нәтижеге бағдарлануын білдіреді. Осы міндеттердің барлығы экономикалық тұрақтылық үшін нақты бағдар болып табылады. Халықты цифрлық және статикалық есептермен жүктеудің қажеті жоқ, бюджетті басқарудың нақты іс-әрекеттеріне көшу қажет», - деді облыс әкімі.

Кездесу барысында облыс әкімі ел Президенті бастамашылық еткен әрбір бағдарламалық құжаттың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру екенін айтты.

Сандықтау ауданында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Негізгі міндет - өңірде жұмыс істеуге дайын инвесторлар үшін неғұрлым тартымды жағдайлар жасау.

Негізгі өнеркәсіптік әлеуетті шағын кәсіпорындар мен қосалқы өндірістер қалыптастырады.

Ауданда жергілікті өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін кең таралған пайдалы қазбалардың шикізаттық әлеуеті бар.

Облыс әкімі жаңа жұмыс орындарын ашу және бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру үшін қолда бар әлеуетті пайдалануды тапсырды.

Ауданның мамандануы - астық өндірісі, мал шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу. Алайда, өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің төмендеуіне жол берілді.

Ағымдағы жылы ауданда жұмыс істеп тұрған сүт-тауар фермасын 200 басқа дейін кеңейту жоспарланған.

Тұрғын үй құрылысы саласындағы осындай жағдай, қорытындысы бойынша тұрғын үйді іске қосу қарқынының төмендеуіне жол берілді. Аудан басшылығына осы жағдайды ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Сондай-ақ туризмді дамыту үшін ауданның инфрақұрылымын дамыту қажеттілігіне назар аударды.

 Тұрғындардың игілігіне бағытталған табысты жұмыс үшін депутаттық корпуспен ашық бірлескен жұмыс ұйымдастыру қажет.

«Жергілікті атқарушы органдардың алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай шешу жөніндегі шаралар барлық деңгейде қабылдануға тиіс. Негізгі міндеттерін іске асыру үшін мемлекеттік ресурстар жеткіліксіз болады. Сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеу керек, яғни экономикаға жеке инвестициялар тарту қажет. Ең қарапайымынан –инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат тарату арқылы ауданның оң имиджін қалыптастырудан бастау керек. Кіріс бөлігін ұлғайту облыстық бюджетке тәуелділікті азайтады, жергілікті мәселелерді дербес шешуге және жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді М.Ахметжанов.

Кездесу азаматтарды жеке қабылдаумен жалғасты.