Биыл Наурыз мейрамы елді жаңарту және жаңа құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі ретінде жаңа нақышта атап өтіледі.
Мерекенің жаңа дәстүрлерін құру үшін Наурызнаманың жыл сайынғы онкүндігі 14-23 наурыз аралығында жарияланып, әр күннің тақырыптық бағыттары айқындалды.
Бүгін, «Наурызнама» онкүндігінің бесінші күні, 18 наурыз – Ұлттық киім күні.
«Ұлттық киім» күніне арналған этно дефилеге Ақмола облысының мәдениет қайраткерлері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Ақмола облысының іскер әйелдер кеңесі, Ақмола облысының мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдар, спорт шеберлері, білім саласының қызметкерлері, денсаулық сақтау қызмеркерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері, «Көкшетау» МС шығармашылық ұжымдары қатысты.