Облыстық "Көкшетау" мәдениет сарайында отбасылық құндылықтарды насихаттау аясында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне арналған "Әдепті келін - отбасы көркі" фестиваль – конкурсы өтті.
Фестиваль-конкурсқа Ерейментау, Аршалы аудандарының, Степногорск және Көкшетау қалаларының келіндері қатысты. Шараға белсенді қатысқаны үшін Қалдан Арайлым (Аршалы ауданы) және Әбішева Сымбат (Көкшетау қаласы) марапатталды. III дәреже дипломмен — Даутова Толғанай (Көкшетау қ.), II дәреже-Жанар Хуандаг (Ерейментау ауданы) I дәреже - Сабдина Динара (Степногорск қ.) марапатталды.
Әр қатысушыға дипломдар, астау, гүл шоқтары, қазақтың ұлттық кәдесыйы — киіз үй табыс етілді.