Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде халықаралық спорт кешені ашылды

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде халықаралық спорт кешені ашылды

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің өңіраралық деңгейдегі көпфункционалды спорт нысаны мен студенттер сарайының ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлы, Ұлттық Академия академигі Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қарағанды қ. ЖОО ректорлары, жұртшылық өкілдері және басқалар қатысты.

Жаңа нысанды таныстыра отырып, ректор Сағынтай Елубаев кешен тек ЖОО студенттеріне ғана емес, қала мен облыс жастарына да арналғанын айтты.

Марат Ахметжанов өзінің құттықтау сөзінде бұл нысан жастар мен студенттер үшін спорттық және мәдени тартымдылық орталығына айналатынын атап өтті.

«Жаңа спорт кешені өңірдегі дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі ірі жарыстар мен жастардың бұқаралық іс-шараларын өткізуге мүмкіндік береді», - деді облыс әкімі.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі ақмолалықтарды заманауи үлгідегі үлкен спорт кешені мен Жастар сарайының ашылуымен құттықтады. Саясат Нұрбекұлы елімізде студенттерге арналған жатақхананың көбеюіне тоқталды. Министр Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарын жариялап, ел болашағы үшін білім мен ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Айта айтқанда, студенттер сарайының жобалық сыйымдылығы   8 мың шаршы метрден асады және екі корпустан тұрады. Біріншісі – студенттік амфитеатр, екіншісі – спорт кешені.

Амфитеатрда концерт залы, дыбыс жазу студиялары, балет залы, домбыра бөлмесі, т.б. бар

Спорт ғимараты спорттың он екі түріне арналған. Болашақ спортшыларды дайындауға барлық жағдайлар жасалған. Мұнда емдік дене шынықтыру кабинеттері, күрес залы, жаттығу залдары жабдықталған.