Бүгін кейбір БАҚ-да Степногорск қаласының ЖЭО-да болған апат туралы хабарлады. Жоғарыда аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.
Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, "KEGOC" АҚ электр беру желісінің істен шығуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын беруді төмендетті. ЖЭО-да технологиялық бұзушылықтар жоқ.
Қазіргі уақытта ЖЭО-ны электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, жылу желісінің температурасын көтеру жұмыстары басталды.
Осы факті бойынша Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тергеуді бастады.