Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобаны іске асыруда.
Сертификат тапсыру рәсімінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев кадрлық резервке өткен үміткерлерге арнаған сөзінде отандық білім сапасын арттыру және педагог кадрларды кәсіби даярлау жөніндегі негізгі бағыттарға назар аударды.
Бұл жоба пилоттық режимде іске қосылды. Бастапқы кезеңде жобаға қатысуға 8068 адам тіркеліп, оның 2809-ы тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижелері бойынша оқуға ұсынылған үміткерлердің сараланған тізімі қалыптастырылды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 208 үміткер басшылардың республикалық кадр резервіне енгізілді.
Ақмола облысының білім беру мекемелерінен республикалық кадр резервіне 8 үміткер енді. Олар:
- Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылының жалпы білім беретін мектебі директордың орынбасары - Жахин Рустем Жанатаевич;
- Қосшы қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі директордың орынбасары - Макатов Жанадил Мирасбекович;
- Көкшетау қаласының № 22 жалпы білім беретін мектебінің директоры - Тохан Манаргуль;
- Целиноград ауданының Мортық ауылының негізгі орта мектебі директорының орынбасары - Әмзе Бекежан Ұлықбекұлы;
- Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары- Икранбек Муктар;
- Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы білім беретін мектебі директорының орынбасары- Абдилова Динара Муратбековна;
- Зеренді ауданының Қонысбай ауылының жалпы білім беретін мектебі директорының орынбасары - Абдрахманова Асем Амановна;
- Атбасар қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің директордың орынбасары - Торговкина Татьяна Алексеевна.
«Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобаны жүзеге асыру «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектептерді даярланған басшылармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге, ең бастысы, жаңа үлгідегі көшбасшылардың кадрлық резервін, білім берудегі өзгерістің көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Резервшілер бірінші басшының бос орнына конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады. Барлық кезеңдерден сәтті өтіп, сертификат алғандарға «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты беріледі.
Атап кетсек, 2024 жылы бұл жұмыс барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарынан: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үміткерлерінің қатысуымен жалғастырылатын болады.