Ақмола полициясының бастығы көкшетаулық үш оқушыны бей-жай қарамағаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттады

Ақмола полициясының бастығы көкшетаулық үш оқушыны бей-жай қарамағаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттады

24 қарашада Полиция департаментінің бастығы полковник Нұрсұлтан Мұқашев Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейінің     4 "ж" сынып оқушыларын өз атынан марапаттады. Бір күн бұрын мектеп оқушылары Сабина Әділбекова, Тамерлан Көшеров және Сұлуханым Мердаулет Департаменттің фронт-офисіне келіп, ойын алаңында құжаттары, ақшалай қаражаттары мен зергерлік бұйымдары бар сөмке тапқанын хабарлады.

Ата-аналарымен кеңескеннен кейін мектеп оқушылары полицияға табылған затты әкелді, осылайша құқық қорғау органдары иесінің жеке басын анықтады. Бір сағаттан кейін Көкшетау тұрғыны алғыс сөздерімен сөмкесін алып кетті, оның айтуынша, ол 22 қарашада жоғалтқан және табылады деп үміттенбеген.

Жас ақмолалықтардың бұл игі әрекеті полицейлер үшін назардан тыс қалмады. Осы сәттің салтанаттылығын балалармен бірге сыныптастары, құрдастары мен мұғалімдері бөлісті.

"Полиция департаментінің басшысы ретінде өскелең ұрпақтың патриотизм сезімі мен болып жатқан жағдайға бей-жай қарамайтынын түсінгеніме қуаныштымын", - деді Нұрсұлтан Мұқашев оқушыларға осындай сөздермен. Аймақтын бас полициясының айтуынша, бұл әрекет балаларын тәрбиелеп отырған ата-аналар мен мұғалімдердің көмекке келуге дайын және күш-жігерінің айқын дәлелі болып табылады.

Барлық жеке құрам атынан Н. Мұқашев мерекенің қасысушылары ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен оқытушылар құрамына алғысын білдірді. Департамент бастығы балаларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.