«Бұл ортақ мәселе, мұнда ұсақ-түйек нәрсе болмауы керек» – Марат Ахметжанов «Жайлы мектептер» құрылысы туралы

«Бұл ортақ мәселе, мұнда ұсақ-түйек нәрсе болмауы керек» – Марат Ахметжанов «Жайлы мектептер» құрылысы туралы

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақмола облысында 2025 жылға дейін 22 мыңнан астам оқушыны қамтитын 18 білім беру нысанын салу жоспарланған.

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, мердігер компаниялар мен мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте өңірде ұлттық жобалардың іске асырылуы талқыланды.

Жиынды аша отырып, өңір басшысы жұмыстың уақтында және сапалы жүргізілуінің маңыздылығын атап өтті.

«Жайлы мектептер» - бұл Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен білім беру саласындағы ең өзекті мәселелерді шешетін бірегей пилоттық жоба. Бұл оқушы орындарының тапшылығын, үш ауысымды оқытуды жою және білім беру процесінің сапасын жақсарту», - деп атап өтті М.Ахметжанов.

2023-2024 жылдары Целиноград ауданында және Көкшетау қаласында 12 200 орындық 9 мектеп салу жоспарланып отыр. 2024-2025 жылдары 10 400 орындық 9 мектеп Аршалы, Бурабай, Целиноград және Шортанды аудандарында, Қосшы және Көкшетау қалаларында.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіровтің айтуынша, мердігерлер объектіні жобалау, сатып алу, салу және оны пайдалануға беру («кілтпен») үшін жауапкершілікті өз мойынына алады.

«9 мектеп бойынша мердігерлік ұйымдар анықталды, электр желілерін уақытша қосу, қоршаулар салу, топографиялық түсіру жұмыстары жүргізілді, учаскелерде бейнебақылау камералары орнатылды, қадаларды соғу жұмыстары жүргізілуде», - деді ведомство басшысы.

Облыс әкімі барлық тапсырмалардың уақтылы орындалуына және білім беру объектілерін салу кезінде стандарттың қатаң сақталуына қатысушылардың назарын аударды және пилоттық ұлттық жоба шеңберінде салынып жатқан мектептерге инженерлік инфрақұрылымды жеткізу бойынша жобалардың уақтылы әзірленуін қамтамасыз етуді тапсырды.