Қорғалжын қорығында өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде

Қорғалжын қорығында өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қорғалжын қорығы» мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Сарыкөл көлінде қамыстың өртенуі орын алды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.

Қазір өрт орнында Ақмола облысы ТЖД «БК және АСР» ММ жедел-құтқару жасағының және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері жұмыс істеуде, 16 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрттің таралуына жол бермеу мақсатында құтқару қызметтері ошақты қарауылдау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Батпақты жерлерге байланысты кірме жолдардың болмауына байланысты өрт сөндіру техникасын қолдану мүмкіндігі жоқ, осыған байланысты су төгетін құрылғысы бар «Қазавиаспас" тікұшағы іске қосылды.

Құтқарушылар айтуынша, өрт ошағына жақын орналасқан Шалқар ауылы 35 км қашықтықта орналасқан, сондықтан елді мекендер мен егістік алқаптарына қауіп жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.