Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде Тәуелсіздіктің үш нышаны халқымызға мақтаныш сезімін сыйлайтынын, оларда ата-бабаларымыздың арман-тілегі бар екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны – кез-келген мемлекеттің болмысын, саяси тәуелсіздігі мен егемендігін бейнелейтін, Отанға қызмет етудің, халқының тарихи тамыры мен дәстүрін құрметтеудің биік мұраттарын қамтитын ажырамас атрибуттары.

Қазақстан Республикасының ресми рәміздері – халқымыздың сан ғасырлық арманы – тәуелсіздіктің көрінісі. Мемлекеттік рәміздер айнымас құндылық ретінде халықтарды рухтандырған, олар үшін ұлы ерлік жасап, жанын пида еткен мысалдар тарихта аз емес.

Туымыз бірнеше рет Олимпиада ойындарында, әлем және Еуропа чемпионаттарында көтеріліп, БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның штаб-пәтерінде желбіреп, қазақтың тұңғыш ғарышкерімен бірге ғарышта болып, әлемдегі ең биік тау шыңдарын бағындырды.

Мемлекеттік рәміздер – бірегей біріктіруші әлеуметтік құбылыс. Олар Қазақстанды біртұтас, қуатты, дамушы мемлекетке айналдыру жолында түрлі этнос өкілдерін біріктіреді.

Ту мен Елтаңба және Әнұранның жарқырап, шалқыған әуенімен жерлестеріміз ерлік көрсетіп, ғылым, мәдениет және спорт жетістіктерін паш етуде.

Бүгін біз күнделікті еңбегімен, білімімен, қызмет саласындағы жоғары жетістіктерімен қуатты Қазақстанды құруға үлес қосып жүргендерге алғыс айтамыз және мақтанышпен атап өтеміз!

Бұл және нағыз қазақстандық патриотизм!

Отанымыз – Қазақстан Республикасына амандық, тұрақтылық пен гүлдену әрқашан серік болсын!