Ақмола облысында жазғы демалыста 13 сауықтыру орталығы жұмыс істейді

Ақмола облысында жазғы демалыста 13 сауықтыру орталығы жұмыс істейді

Биылғы жылы қаладан тыс демалыс 13 балалар сауықтыру орталығының (8 мемлекеттік, 5 жекеменшік) базасында жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік лагерьлер Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Атбасар, Ақкөл, Зеренді, Бурабай, Ерейментау, Сандытау ауданында жұмыс істейтін болады. Жеке лагерьлер Бурабай және Зеренді аудандарында орналасқан.

Барлық нысандардағы балалар лагерьлеріне жұмыс істеуге рұқсат беру аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бергеннен кейін жүзеге асырылады.

13 саяжай лагерінің жалпы жобалық сыйымдылығы бір маусымда 2 мыңнан астам орынды (мемлекеттік лагерьлерде 1100 орын) құрайды, барлығы 6-7 ауысым жаз мезгілінде ұйымдастырылады, ұзақтығы 7-10 күн. «Сұңқар» сауықтыру кешенінде жобалық қуаттылық
250 орынға дейін ұлғайтылды.

Мемлекеттік лагерьлерге жолдаманың орташа құны 35-105 мың теңге, жекеменшік лагерьлерде 90-110 мың теңге. Биыл турдың құны 2022 жылмен салыстырғанда 20-25 пайызға қымбаттады.