Көкшетауда қазақ күресінен "Ақмола барысы"турнирі өтті

Көкшетауда қазақ күресінен "Ақмола барысы"турнирі өтті

Облыс орталығында қазақ күресінен "Ақмола барысы" турнирі өтті.

«Ақмола Барысы» - бұл тек спорттық іс-шара ғана емес, Қазақстанның жас буынында патриотизм мен өз дәстүрлерімен мақтаныш сезімін оятуға арналған жоба.

Спорттық іс-шараға облыстан жоғары спорттық жетістіктері бар 29 палуан қатысты. Олардың арасында қазақ күресінен спортшылар ғана емес, самбистер, дзюдошылар, сондай-ақ еркін және грек-рим күресінің шеберлері де болды. Турнирге Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша "Ақмола барысы" атағын Нұрланұлы Бекбол жеңіп алды. Екінші орынды Батухан Дастан иеленді. Ерболат Тәшенов қола жүлдегер атанды. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, Ақмола облысының үздік екі палуаны Нұрланұлы Бекбол мен Баухан Дастан "Қазақстан барысы" республикалық турниріне жолдама алып, еліміздің бас батыры атағы үшін күресетін болады.