Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу

Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу

Экология және табиғи ресурстар Министрі Зүлфия Сүлейменованың Степногорск қаласында өткен Ақмола облысының тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарының өкілдерімен кездесуі барысында өңірдегі экология мәселелері мен оны сақтау және жақсарту шаралары талқыланды.

Жалпы облыс бойынша ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында 2,4%-ға төмендеді, бұл табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру есебінен қол жеткізілді (2022ж. - 36,2 мың т., 2023ж. - 35,3 мың т.). Ақмола облысы бойынша экопроблемаларды шешу бойынша Жол картасында 30 іс-шара көзделген, оның 3-і орындалды (3 жел электр станциясының құрылысы).

Айта кету керек, аймақта зиянды шығарындыларымен экологияға әсер ететін 100-ден астам ірі кәсіпорын тіркелген. Сонымен қатар, Министрлік тарапынан экологиялық заңнаманың сақталуына тұрақты мониторинг және бақылау жүргізіледі.

Мәселен, биылғы жылдың бірінші тоқсанында шаруашылық жүргізуші субъектілерге 53 тексеру жүргізілді, бұл ретте 147 бұзушылық анықталып, оларға нұсқама берілді. Олардың 73-і бойынша жалпы сомасы 27,8 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар санкцияланбаған полигондардың көбеюі, әсіресе Астанаға жақын жерде алаңдаушылық туғызады. Космомониторингтің көмегімен биыл өңірде 830 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орны анықталды, оның 88% жойылды (733 полигон). Осыны ескере отырып, Ақмола облысында сұрыптау желілері бар 7 ҚТҚ полигонын салу жоспарлануда (Щучинск қ., Ақкөл қ., Қорғалжын ауылы, Қосшы қ., Қоянды к., Аршалы к., Зеренді ауылы), олар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары аяқталды.    

Целиноград ауданында құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу негізінде құрылыс материалдарын өндіру бойынша цех салу жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Министрлік жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеп, бекітуді ұсынған болатын.

Кәріздік тазарту құрылыстары бойынша бүгінгі күні де проблемалық мәселелер бар, өйткені олардың Көкшетау және Степногорск қалаларында тозуы 90% құрайды және күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды талап етеді. Бұл тазарту құрылыстарын жаңғырту Ақмола облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасын әзірлеу кезінде ескерілді және облыс әкімдігінің бақылауында.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар сумен қамтамасыз ету, орман, балық шаруашылығы және басқа да мәселелерге тоқталып, оларға бейінді ведомство басшысынан жауап алды.

Іс-шара соңында З.Сүлейменова жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері үшін азаматтарды жеке қабылдау және брифинг өткізді.

 

ҚР экология және табиғи ресурстар Министрлігі