Целиноград ауданында арнайы киім шығаратын тігін цехы ашылды

Целиноград ауданында арнайы киім шығаратын тігін цехы ашылды

Қызылжар ауылында заманауи жабдықтармен, оның ішінде «Jack» әлемдік брендінің тігін жабдықтарымен жабдықталған тігін цехы ашылды. Сонымен қатар, бұйымдарға басып шығаруға арналған кесте тігу машинасы мен жабдықтары, үтіктеу жүйесі бар.

Киім тігу бойынша тігін цехы ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істей бастады.

Қазіргі уақытта кәсіпорын бірінші тапсырыс беруші –«КДЛ ОЛИМП» ұйымы үшін медициналық киім тігу бойынша тапсырыстарды орындауда.

Құрылыс, клинингтік компаниялары, күзет құрылымдары мен медициналық орталықтар қызметкерлері үшін арнайы киім тігу желісін кеңейту жоспарлануда.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарынан бұйымдарды қалпына келтіруге тапсырыстар қабылданады.

«Бізге тігінші жетіспейді. Тілек білдірген барлық ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастырдық. Сондықтан, егер ниет білдірушілер болса, жұмысқа шақырамыз», - дейді «ASIA Hunt»
ЖШС директоры Алпысбек Хадыркеев.

Өз кезегінде аудан әкімі Бахыдбек Оспанбеков бұл мәселеге жәрдемдесуге уәде берді. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы «тігінші» мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұйымдастырылады.

Бүгінгі таңда мұнда 7 адам жұмысқа орналастырылды, алдағы уақытта тапсырыстар саны артқаннан кейін персоналды 15 адамға дейін ұлғайту жоспарлануда.