Облыстық байқауда студенттік өзін өзі басқарудың үздік студенттік бастамалары жобасы таңдалды

Облыстық байқауда студенттік өзін өзі басқарудың үздік студенттік бастамалары жобасы таңдалды

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығы студенттік өзін-өзі басқару органдары арасында «Студенттік бастама» сырттай облыстық жобалар байқауын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты:  студенттердің адами және әлеуметтік капиталын дамытуға бағытталған жобаларды қолдау болып табылады: жаңа білім, дағдылар, құзыреттер, тәжірибе алу, сондай-ақ кәсіби байланыстарды кеңейту.

Байқауға Ақмола облысы бойынша Есиль қ., «Агротехникалық колледж», Атбасар ауданы, «Агротехникалық – индустриалдық колледж», Щучинск қ., «Жоғары техникалық колледж», Степногорск қ., «Мақсат» колледжі, Щучинск қаласы, «Жоғарғы педагогикалық колледж», Астрахан ауданы, «Агротехникалық колледж», Егіндікөл ауданы, «Агротехникалық колледж», Көкшетау қ. «Арна» жоғарғы колледжі , Степногорск қ., «Жоғары колледж», Көкшетау қ., «Жоғарғы техникалық колледжі», барлығы 10 студент қатысты.

Қазылар алқасы шешімінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 орын – Алимжанов Орынбек, Щучинск қаласы, «Жоғарғы педагогикалық колледжі»; 2 орын – Жунусова Жулдыз, Атбасар ауданы, «Агротехникалық – индустриалдық колледжі»; 2 орын – Оразбаев Расул, Көкшетау қаласы, «Арна» жоғарғы колледжі; 3 орын – Ларионова Татьяна, Есіл қаласы, «Агротехникалық колледж»; 3 орын – Лукьянова Вероника, Егіндікөл ауданы, «Агротехникалық колледж»; 3 орын – Бендера Мария, Степногорск қаласы, «Жоғары колледж».

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.