Целиноград ауданында үш жыл ішінде 320 шақырым жол жөнделді

Целиноград ауданында үш жыл ішінде 320 шақырым жол жөнделді

Целиноград ауданында тұрғындармен кездесу барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, 2020 жылдан 2022 жылға дейін ауданда 320 шақырым жол жөнделгенін айтты.

"Бұл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін үш еседен астам ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осы серпінді сақтау және ағымдағы жылы ауданның тағы
100 шақырымға жуық жол желісін жақсарту жоспарлануда", - деп атап өтті өңір басшысы.

Өткен жылы 170 км асфальтталды, оның ішінде 160 км кентішілік және 10 км аудандық маңызы бар жолдар.

Қазір Целиноград ауданының кентішілік жолдары 16 ауылдық елді мекенде толығымен төселген.

Ауқымды жұмыс биыл да жалғасады. Бірлік ауылындағы кірме жолды күрделі жөндеуге, аудандық маңызы бар "Воздвиженка-Зеленый Гай" автомобиль жолын орташа жөндеуге және жолдың көпір құрылысын күрделі жөндеуге қаражат бөлінді.

Сондай-ақ Алтынсарин, Софиевка, Өтеміс, Тонкерис, Қажымұқан, Аққайың, Қараөткел және Қабанбай батыр ауылында Қошқарбаев, Қызылжар, Қызылсуат ауылдарында кірме жолдары бар кентішілік жолдарға күрделі жөндеу жүргізілетін болады.

Облыстық жолдарда ұзындығы 23 км болатын "Қабанбай-Батыр – Жаңғызқұдық - Оразақ" автожолындағы су өткізу құбырын қайта жаңарту” және «Астана қаласының Шығыс айналма жолы-Сарыоба ст. автомобиль жолын күрделі жөндеу» жоспарланған.