Шортанды ауданына жұмыс сапары

Шортанды ауданына жұмыс сапары

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Шортанды ауданының Шортанды кентінде болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан орталығында облыс басшысы сапарын Шауали Рахымжанов атындағы орталық саябаққа барудан бастады.

Өткен жылы саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 120-ға жуық қайың, шырша және қарағай көшеттері отырғызылды, балалар және спорт алаңдары орнатылды.           

«Воркаут-алаңға Астана қаласындағы жеткізушілерден тапсырыс берілді, бірақ бүгінгі күні өндірісті өздеріміз жолға қойып, өндіріспен өз бетінше айналысып жатырмыз. Алдағы уақытта би алаңын, скейтодромды, скверді, Ауған соғысы монументін салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта ЖСҚ сараптамада болуы керек, бұдан әрі конкурстық рәсімдерден өту қажет, - деді кәсіпкер Игорь Логунов.

"Воркаут-алаңдардың құрылысы сапалы орындалды, жалпы жақсы жөндеу жүргізілді", – деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, Ермек Маржықпаев Шортанды кентіндегі Северная көшесінің көше-жол желісін жөндеумен танысты.

Аудан әкімінің орынбасары Ғабдолла Орынбасаровтың айтуынша, бүгінгі таңда мердігер ұйым жолдың негізін толығымен бөлшектеп, ауа райы жақсарғаннан кейін жөндеу жұмыстары басталады.

Ағымдағы жылы «Ауыл – Ел бесігі» жоба шеңберінде  Жолымбет, Петровка, Шортанды және Новокубанка кенттерінде көше-жол желісін орташа жөндеу жоспарланған.

Шортанды ауданының бірқатар ауылдары республикалық, облыстық және аудандық бюджеттер шеңберінде жолдарды жөндеумен қамтылады", - деді Қ. Орынбасаров.

Сапарды қорытындылай отырып, облыс әкімі жолдарды сапалы, белгіленген мерзімде және тиісті түрде жөндеп, бөлінген қаражатты уақтылы игеру қажеттігін атап өтті.