Ақмола облысында кәсіби бала асырап алу отбасыларының жобасын іске асыру жалғасуда

Ақмола облысында кәсіби бала асырап алу отбасыларының жобасын іске асыру жалғасуда

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорымен, Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен, аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен кеңес өткізді, онда өңірде пилоттық жобаны енгізу бойынша негізгі түйінді мәселелер талқыланды.

Білім басқармасының ақпарат бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандарымен бірлесіп, үміткерлердің тізімі пысықталды, бала асырап алушы ата-аналар мектебінде оқудан өту және психологиялық диагностика жүргізу кестелері жасалды.

«Біздің бірлескен жобамыздың басты идеясы - баланың интернаттық мекемеге кіруіне жол бермеу, оған және оның отбасына білікті психологиялық, педагогикалық, медициналық, заңгерлік, материалдық көмек көрсету мүмкіндігі», - деп атап өтті «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры директорының даму жөніндегі орынбасары, жоба үйлестірушісі Ирина Дүйсенеева.

Бүгінгі таңда курстардан 12 ата-ана өтті, сәуір айының соңына дейін кестеге сәйкес қалған 3 үміткер психологиялық диагностикадан өтеді, содан кейін шарттар жасасу жоспарлануда.

«Пилоттың іске асырылуының қаншалықты сәтті болуынан, өңірде біздің балаларымыздың және бүкіл жобаның болашағы байланысты болады. Сондықтан, қазір барлық мүдделі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын күшейту қажет», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова.

Ақмола облысының әкімдігі, білім министрлігі мен «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры арасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылғанын естеріңізге саламыз, оның аясында пилоттық жоба жүзеге асырылады.