Ақмола облысында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің салынуы басталды

Ақмола облысында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің салынуы басталды

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Красный Яр ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешені құрылысының барысымен танысты.

Мердігер "SHEBERBUILD" ЖШС болды. Құрылыс салушы компанияның директоры Нұрлан Баимбетовтің айтуынша, ғимараттың жобалық қуаттылығы 2,3 мың шаршы метрден асады.   

"Құрылыс жоспарына сәйкес спорт кешені 68 адамға арналған. Екі блоктан тұрады – А және Б. "А" блогында ересектер мен балаларға арналған екі бассейн болады. Бірінші қабаттағы "Б" блогында баскетбол алаңы, күрес залы, кеңсе бөлмелері, киім ауыстыратын бөлмелер және т.б. бар", - деді ЖШС филиалының директоры Нұрлан Байымбетов.   

Жобамен танысып, өңір басшысы белгіленген мерзімдерді ұстануды тапсырды және кент халқы үшін спорт нысанының маңыздылығын атап өтті. 

Барлық жұмыстар уақытында аяқталуы керек. Бұл нысан бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау үшін өте маңызды", - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.