Арман Жүкенов Ақмола облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды

Арман Жүкенов Ақмола облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов Ақмола өңірі судьяларының кеңесінде облыстық соттың жаңа төрағасы Арман Жүкеновті таныстырды. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

А.Жүкенов сот жүйесінде 16 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Жоғарғы Сотта, Алматы, Астана қалаларының соттарында қызмет атқарған. Оның ішінде елорданың ірі соты – қаралатын азаматтық істер саны бойынша Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола облыстары соттарының жүктемесіне тең Сарыарқа аудандық сотын 5 жыл басқарды.

Еңбек жолын Астана қаласының Алматы ауданында сот отырысының хатшысы болып бастаған. Жоғарғы Сот Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2009-2014 жылдары – Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы. 2015-2021 жылдары –  Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы.

2021 жылдан осы тағайындауға дейін – Астана қалалық сотының судьясы.

 

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

 Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі