Көңіл айту

Көңіл айту

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өзінің әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан 5571 әскери бөлімінің сарбазы Алмас Шахимовтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Алмас Шахимовтың қайғылы қазасына байланысты көңіл айтамын. Сын сәтте өз қызмет орнын тастап кетпей, әріптестерін қорғады. Бұл тек отбасының ғана емес, бүкіл елдің қасіреті. Оны білгендердің бәрі үшін бұл орны толмас қайғы. Оның ерлігі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады!"- деп атап өтті Ермек Маржықпаев