Ақмола облысының әкімі жұмыс сапарымен Қосшы қаласына барды

Ақмола облысының әкімі жұмыс сапарымен Қосшы қаласына барды

Жұмыс сапары аясында Ермек Маржықпаев Қосшы қаласына барып, онда мектептер, инфрақұрылымдық нысандар мен демалыс ұйымдарында болды.

Қазіргі заманғы халықаралық стандарттар бойынша салынып жатқан болашақ оқу орны 1500 орынға есептелген. Жоба "Accent Development Solutions" ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылуда. Жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарлануда.

"Бұл мектеп ең маңызды болады. Қаланың өзі ел Президентінің Жарлығымен құрылған, сондықтан оған ерекше көңіл бөлінеді. Қосшының дамуына үлкен инвестициялар салынуда", - деді аймақ басшысы.

Абай және Желтоқсан көшелеріндегі екі мектеп құрылысының барысын қарап шығып, Е.Маржықпаев жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, олардың бірін биыл тапсыру жоспарланған. 

Бұдан кейін облыс әкіміне барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған жаңа полиция бөлімінің ғимараты, оның ішінде елді мекендегі тәртіптің сақталуын бақылау үшін 150 камерадан тұратын бақылау мониторлары ұсынылды. Оның ішінде 47 камера тас жолға орнатылды.

Келесі нысан 18-29 жас аралығындағы белсенді азаматтарды біріктіретін жастар ресурстық орталығы болды. Мекеменің өз коворкинг–орталығы бар, оның базасында бес волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Сонымен қатар, орталық жақында Жапониядан көшіп келген қала тұрғыны Кадзио Ихираның білім алу алаңына айналды. Мұнда ол мемлекеттік тілді үйренеді.

Кітапханада шамамен 8000 кітап бар. Кітап қорының аздығына қарамастан, өз оқырмандары бар. Жаңа қала қалыптасуының көрінісіне айналған жергілікті "Жаңа Бастау" газеті де танымал. 

Жас қала тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында құрылған "Art House" спорттық-шығармашылық орталығы жарты жыл бұрын пайдалануға берілді. Бүгінде 10 үйірме мен секцияда жүзден астам адам айналысады. 

Тұрғындардың өтініші бойынша салынған скверді абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жақында мұнда ойын алаңы пайда болады. Абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, екі ай ішінде елді мекеннің әртүрлі аудандарында тағы жеті алаңның құрылысы аяқталады деп күтілуде. 

Қала әкімі Гайдар Қасенов өңір басшысын жыл басынан бергі даму қорытындылары туралы хабардар етті, сондай-ақ жергілікті инфрақұрылымды дамыту жоспарларына егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, сумен жабдықтау, қоқыс шығару, жылу беру маусымына дайындық, көлік және жол салаларын дамыту мәселелері туралы сөз болды.

Сапар соңында өңір басшысы қалаішілік жолдарды күрделі жөндеу барысымен танысты. Жобамен жалпы ұзындығы 58,6 шақырым болатын 84 көше қамтылды. Өткен жылы 22 шақырым жол жөнделді, биыл тағы 14,5 шақырым жол асфальтталады.