Целиноград ауданына жұмыс сапары

Целиноград ауданына жұмыс сапары

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапары барысында Целиноград ауданының бірқатар әлеуметтік нысандарын аралап, жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесті.

Елордаға iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың кешендi жоспарына сәйкес Ыбырай Алтынсарин атындағы ауылда жолдары жөнделуде. Қазірдің өзінде 1,5 шақырым асфальт төселіп, 7 көше үшін құм мен буттан негіздер дайындалды.

Өзгерістерді ауыл тұрғындары да мұқият қадағалап отырады. Зейнеткер Қайыржан Шөкеев облыс басшысына абаттандыру жұмыстары үшін алғыс айтты.

"Өткен жылы уәде еткендей, жолдар салынып жатыр, энергиямен және сумен қамтамасыз ету мәселелері шешілуде", - деп атап өтті Қ.Шөкеев.

Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбековтің айтуынша, елді мекенде суды сүзу жүйесі толығымен ауыстырылған. Бірақ тұрғындар тарапынан шағымдар бар, осыған байланысты су сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауыл тұрғындарын сумен толық қамту үшін жаңа қосымша су көзі табылды, оған облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Су көзін сумен жабдықтау желілеріне қайта қосқаннан кейін бүкіл елді мекенді қамтамасыз ету жоспарлануда. 

Қаражар ауылында өңір басшысы электрмен жабдықтау желілерінің екінші кезегінің құрылысы мен кентішілік жолдардың күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Бүгінде 8 жиынтықты транформаторлық қосалқы станциялар орнатылды, ұзындығы 6000 метр сымдарды монтаждау орындалды. Жоба аяқталғаннан кейін 800-ге жуық үйді электрмен қамту жоспарлануда.

Кесте бойынша ауылдағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 11,7 шақырым асфальтталған, биыл 17,6 шақырым жолды салу жоспарланған.

Сапар соңында облыс әкімі ауыл тіршілігінің сапасын жақсартуға байланысты барлық мәселелерді кешенді шешу қажеттігін атап өтті.