Шортанды ауданына жұмыс сапары

Шортанды ауданына жұмыс сапары

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Шортанды ауданына жұмыс сапары аясында қазіргі уақытта 5 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан орталық қазандыққа барды.

Жылу беру кезеңінде қазандық 6 көппәтерлі үйге, 15 жеке тұрғын үйлердегі пәтерге және 16 заңды тұлғалардың ғимараттарына қызмет көрсетеді.

"MONARCH PRO" ЖШС директоры Рүстем Қожахметовтың айтуынша, екі қазандықты бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде, келесі аптада әрқайсысының қуаттылығы 1,7 Мвт болатын жаңа қазандықтар әкелінеді. Сондай-ақ, жылу трассасы мен сорғы тобы ауыстырылады. 

Айта кетейік, аталған жобаны жүзеге асыру тағы екі көппәтерлі тұрғын үйді орталық жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыс басшысы жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында аяқтауды тапсырды.

Келесі нысан "Алина" наубайханасы болды, онда нан-тоқаш өнімдерінің 10-ға жуық атауы шығарылады. 2020 жылы кәсіпорын ет өнімдерін сататын дүкен ашты. Ауданның ірі кәсіпорны әлеуметтік нан жеткізумен де айналысады.

Бұдан кейін өңір басшысы жазғы сыртқы су құбыры желілерінің күрделі жөнделуін көрді. Ұзындығы 2,9 км құбырларды ауыстыру, контейнерлік сорғы станциясын және КТПН-100 орнату жүргізілуде.

Сондай-ақ, сапар барысында Шортанды кентінің әкімі Мәмбет Цэрэг сумен жабдықтау туралы баяндады. Күн сайын ауыл тұрғындары шамамен 2 текше метр су тұтынады.

"Жалпы, толық шешім қабылдау үшін басқа жобаларды уақытылы аяқтау қажет", - деп атап өтті Е.Маржықпаев.

Облыс басшысы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан саябаққа және өткен жылдан бастап балалардың бос уақытын өткізетін орынға айналған орталық стадионына барды.

Сапар соңында облыс әкімі 27 тұрғын үйдің қасбеттерін сырлау жұмыстарының барысымен танысты. 21 үй боялған.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ермек Маржықпаев Шортанды ауданын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.