Шортанды ауданының әкімі тағайындалды

Шортанды ауданының әкімі тағайындалды

Бүгін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев аудан активіне жаңа әкімді таныстырды. Сағындық Шабаров Шортанды,ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды аймақ әкімінің баспасөз қызметі.
"Менің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Сағындық Шабаров Шортанды ауданының әкімі болып тағайындалды", - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.
Сағындық Шабаров 1982 жылы туған. Ақмола облысының тумасы. Екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облыстық қазынашылық басқармасының Степногорск қалалық бөлімінің жетекші маманы, қазынашысы болып бастады. 2005 жылы "Өркен Атансор"ЖШС экономисі болып еңбек етті. . 2006 жылдан 2016 жылға дейін – Степногорск қаласы әкімдігінің түрлі лауазымдарында жұмыс істеді. 2016 жылғы наурыздан 2019 жылғы сәуірге дейін - Степногорск қаласы әкімінің орынбасары. 2019 жылдың мамыр айынан 2020 жылдың наурыз айына дейін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, 2020 жылдың маусым айынан қараша айына дейін "Степногорск электрокомплекс"ЖШС Бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Степногорск қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.