Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ПРЕСС-РЕЛИЗ

Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі  ПРЕСС-РЕЛИЗ

Ағымдағы жылғы 14 наурызда Ақмола облысының әкімдігінде ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалық офисімен және Winrock International бірлесіп «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Ыдырысовтың төрағалығымен өңірлік комиссия мүшелері Адам саудасына қарсы күрестің қазіргі жай-күйі, сондай-ақ траффикке қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік шаралар қабылдау мәселелерін талқылады. Қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасында адам саудасының құрбандарын қайта бағыттаудың ұлттық тетігі, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор коллаборацияларының үздік тәжірибелері мысалында адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін жетілдіру бойынша нақты идеялар ұсынылды.

15 наурызда мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің әлеуетін арттыру мақсатында 37 әлеуметтік қызметкер мен еңбек инспекторлары үшін «Адам саудасы: анықтау, тәуекелдер және алдын алу» тренингі өткізілді.

Қатысушылар әлеуметтік қызметкерлер мен еңбек инспекторларының адам саудасына қарсы күрестегі қызметінің ерекшеліктерімен, әлеуметтік жұмыс құралдарының әлеуметтік сүйемелдеудегі рөлімен, мәжбүрлі еңбектің алдын алу құралдарымен танысты, сондай-ақ кейс-менеджмент технологиясы бойынша адам саудасы құрбандарының жағдайларын жүргізуге машықтанды.