Қоғамдық кеңестің іс-қимылдары

Қоғамдық кеңестің іс-қимылдары

2021 жылғы 23 қарашада А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысының қоғамдық кеңесі мен облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті арасындағы Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті, оны Ақмола облысының қоғамдық кеңесінің төрағасы, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Елубаев Сағынтай Зекенұлы ашты.

С.З. Елубаев өз сөзінде Қоғамдық кеңес атқарушы органдар мен қоғам арасындағы байланыстырушы буын болып табылатынын, қала мен облыс азаматтарының барлық сұраныстарына жедел ден қоятынын атап өтті. Қоғамдық кеңес пен оның комиссиясының мүшелері орын алған проблемалар бойынша барлық мәселелерді талқылау кезінде белсенділік пен принциптілік танытады. Облыстық қоғамдық кеңестің жұмысы халықпен, депутаттық корпуспен, Өңірлік кеңес мүшелерімен кездесулер өткізуге құрылады. Сондай-ақ, облыстық қоғамдық кеңестің барлық іс-шаралары ашық екенін атап өтті. Оның қызметінің тәжірибесі өңірде беделді қоғамдық институт және азаматтық қоғамның түрлі мәселелер, соның ішінде білім беру мәселелері бойынша пікірін білдіруге арналған Ашық диалог алаңы жұмыс істейтінін айтуға мүмкіндік береді.

Меморандум мәтіні жарияланғаннан кейін құжатқа қол қойылды.

Ақмола облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Серік Табылдыұлы Алтаев оқиғаның маңыздылығы туралы айта келе, департамент білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуді қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратынын атап өтті.  Департаменттің қызмет аясы өте кең. Оның функцияларына сүйене отырып, ҚР заңдарында, ҚР Президентінің жарлықтарында, ҚР Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптардың сақталуын тексеру, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу, білім беру саласындағы ҚР заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, білім және ғылым ұйымдарын тексеруді жүргізу, оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу жүзеге асырылады.  

 Меморандум аясында Қоғамдық кеңес пен білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті білім беру саласындағы проблемалық мәселелерді тиімді шешуде өзара іс-қимыл жасайды.

Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою Ақмола облысының білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға, ақпарат алмасуды жүзеге асыруға, бірлескен іс-шараларды өткізуге, проблемалық мәселелерді қарап шешуге қатысты мәселелер бойынша "тараптардың" өзара іс-қимылына да ықпал ететін болады.

 

 

                            А. Мырзахметов атындағы КУ баспасөз қызметі