Көкшетауда ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті

Көкшетауда ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті

«Достар» мәдениет үйінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Биылғы жылдың басты оқиғасы - Тәуелсіздік мерейтойы. Еліміздің ауыл шаруашылығы 30 жылда өз дамуының даңғыл жолына түсті.

Құрметті диқаншылар! Сіздер ел мен өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қосқан үлестеріңізді мақтан ете аласыз дар.

Табиғи-климаттық жағдайы бойынша ағымдағы жылдың күрделілігіне, сондай-ақ өңірдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, облыс диқандары орташа өнімділігі 8,8 ц/га болған кезде 4 млн.тонна көлемінде астық жинай алды», - деді Е. Маржықпаев.

Өңір басшысы облыс шаруаларының еңбегін атап өтіп, мұндай жетістіктерге қол жеткізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге тікелей қатысы бар кәсіпорындардың басшылары мен қарапайым мамандарына тиесілі екенін айтты.

Салтанатты шара облыс агрокешенінің үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімімен жалғасты («Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен,  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен).