Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай  салтанатты іс-шара өткізілді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Конституция күні мерекесі қарсаңында тутұғыр ашылу және Қазақстан туын көтеру рәсімі өтті.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылында әрбір оқиға ерекше мәнге ие болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Көкшетаудың ең биік нүктесінде құрметті орынға ие болды. Енді Тәуелсіздіктің асқақ Туы біздің қаламыздың үстінен 100 метр биіктікке желбіреп тұр! Оның үстіне облыс орталығында Ел тәуелсіздігінің басты нышанына арналып жаңартылған орын пайда болды», - деп атап өтті өңір басшысы.

Салтанатты шара «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында жас азаматтарға жеке куәліктер тапсырумен жалғасты.

Одан әрі «Абылай хан» алаңында облыс әкімдігі полиция қызметкерлері үшін, өрт сөндіру қызметі, коммуналдық қызметтердің арнайы техникасының, Қазпошта және білім басқармасы үшін 45 қызметтік автокөліктің кілтін табыс етті.

«Сарыарқа» жаңа шағын ауданында Ермек Маржықпаев «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 200 отбасына, оның ішінде 30 медицина қызметкеріне пәтер кілтін тапсырды.

«Бірқатар тұрғын үйлердің құрылысы әлі аяқталған жоқ, алдағы уақытта да пәтерлерді тапсыру дәстүрі жалғасатын болады. Мен барлық қоныс иелерін осы қуанышты оқиғамен құттықтаймын! Ата заңымыздың негізгі қағидаларын басшылыққа ала отырып, біз барлық азаматтарымыздың әл-ауқатының жоғарғы деңгейіне қол жеткізуде аянбай еңбек ететінімізге сенімдімін», - деді өңір басшысы.

Қылшақты өзенінің жағасында амфитеатрдың ашылу салтанаты өтті. Облыс әкімі қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, ҚР Президентінің алғыс хаттарын, «Еңбек ардагері», «Мейірім», «Еңбек ардагері» медальдарын, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерін, Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасын, Ақмола облысы әкімінің дипломы мен алғыс хаттарын табыс етті.